2025 жылдың соңында АҚШ-қа тікелей әуе рейстерін ашу үшін АҚШ Федералды авиациялық әкімшілігінің (FAA) өкілдері Қазақстанға келді. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.
Фото: pixabay.com
Олар Қазақстанның авиация саласына және ұшу қауіпсіздігін қадағалау жүйесіне кешенді талдау жүргізеді.
«Тікелей рейстердің ашылуы Қазақстан аудиттен сәтті өткеннен кейін және келесі жылы Boeing-787 Dreamliner үлгісіндегі ұзақ қашықтыққа ұшатын әуе лайнерлері келгеннен кейін жүзеге асырылады», - деп хабарлады ҚР Азаматтық авиация комитеті.