29.08.2024, 20:00
Оқылды: 89

Бәйтеректе жұмыс іздеуші тұлғалар мемлекет қолдауын сезініп жатыр

Жұмыссыздықты азайту бағытында Бәйтерек ауданында бірқатар іс-шара жүзеге асып жатыр. Оның негізгісі – бос жұмыс орындар жәрмеңкесі. Пробация қызметінің есебінде тұрған және мүгедектігі бар адамдар да мемлекеттің қолдауын сезініп жатыр.

57DDF55D-9C48-434B-818E-8568A5022023

«Жастар практикасымен» биыл 135 маман қамтылуы керек болса, қазіргі таңда оның 35,5%-ы орындалған. Бағдарлама медицина, әлеуметтік, педагогикалық, мәдени салаларда қарқынды жүргізіліп жатыр.

Аудандық мансап орталығы мәліметінше, жыл басынан бері жергілікті жердегі және қаладағы оқу орындарында кәсіби бағдар беру және жастар арасында жұмыспен қамтудың белсенді шаралары жүргізілген. Атап айтсақ, Бәйтерек колледжі және Орал қаласындағы жоғары аграрлық-техникалық колледжі, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, жоғары инженерлік-технологиялық колледжі, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті және Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінің түлектерін аудандағы «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында аспаз, есепші, кондитер, электрик, тәрбиеші, режиссер және мұғалім мамандықтары бойынша жұмыспен қамту жоспарланса, күні бүгін оның 59%-ы жүзеге асты.

DCD4C651-3737-4335-8B7A-676BEBE85D75

Қысқа мерзімді оқу курсына 30 адам өтінім тастап, сегізі жолданатын болды. Олардың екеуі кассир-бақылаушы, үшеуі аспаз, екеуі шаштараз, біреуі компьютерлік модельдеу және екеуі сатушы.

Қыркүйек айында газ қазандығының операторы мамандығына тағы да қосымша мамандар жолданады. Сонымен қатар әлеуметтік жұмыс орны аясында жоспар 74%-ды құраса, тұрақты жұмыс орнына жоспарланған 1 106 адамның 375-і жолданды (34 %). Ал ақылы қоғамдық жұмыс орындарына 202 адамның орнына 215, «Күміс жас» жобасымен 30 адамның орнына 32 адам жолданды (107%) артығымен орындалып отыр.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға өтеусіз және қайтарымсыз гранттар беріледі. Былтыр ауданда жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға берілетін мемлекеттік грантты 41 азамат иеленді.

Солардың бірі – І топ мүгедегі Альбина Дюсембеева. Ол қолдау қаржыға шашты қалпына келтіріп, кератинді түзетумен емдеуге арналған құрал-жабдықтар сатып алған. Қазіргі таңда Переметный ауылындағы «Скит» сауда үйінен орын алып, бьюти қызмет ұсынып отыр.

Ал көпбалалы ана Ұлмекен Нұртаева үш бас ірі қара сатып алып, бүгінде Зеленый ауылының тұрғындарын сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр.

Салтанат Серікбайқызы

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале