4.09.2024, 17:30
Оқылды: 14

БҚО-да әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

БҚО-да әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Бұл жөнінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті хабарлады.

5784612B-8981-42B1-A6F7-A18D7A699130

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағытында жүргізілген сыртқы талдау нәтижелері бойынша облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы баяндама жасады.

Қызметтік әдептің сақталуын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асыру бойынша облыстық аумақтық агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекцияның әдеп жөніндегі уәкілі атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Сонымен қатар мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бойынша атқарылған жұмысының қорытындыларын қарау мәселесі аясында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасы мен жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік қызметшілерінің материалдық жауаптылығы мәселесіне қатысты жүргізілген талдау нәтижелері сарапталды.

Соған қоса, мемлекеттік қызметшілердің қызметке кір келтіру және қызметтік әдеп талаптарын сақтамау фактілері бойынша бірқатар мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік іс материалдар қаралды. Кеңеспен тиісті тәртіптік жазаларды қолдану туралы шешім қабылданды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале