6.09.2024, 16:45
Оқылды: 137

Казталовта «Мерейлі отбасы – 2024» ұлттық байқауының лауреаттары марапатталды

Елімізде қыркүйек айының екінші жексенбісі Отбасы күні аталып өтіледі. 2013 жылы республикамыздың мерекелер тізіміне енгізілген мереке қарсаңында «Тоғжан» әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Алтын Ақбаеваның ұйымдастыруымен Казталовта дәстүрге айналған «Мерейлі отбасы – 2024» ұлттық байқауының аудандық кезеңінің лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.

3D3C8849-F9D0-453F-BBDC-A702D437E8EF

Салтанатты шараға қатысқан аудан әкімі Асланбек Сарқұлов аудан халқын мерекемен құттықтап, «Мерейлі отбасы – 2024» ұлттық байқауының аудандық кезеңіне қатысып, белсенділік танытқан отбасыларды марапаттады.

«Мерейлі отбасы – 2024» ұлттық байқауының аудандық кезеңінің Хасановтар әулеті (Ақпәтер ауылы) І орын иеленсе, ІІ орынды Үмбетовтер әулеті (Жаңажол ауылы), ІІІ орынды Хасановтар әулеті (Ақпәтер ауылы) иеленді.

3218CFC7-61E9-4957-B063-2217FA31AAFF

Аудандық байқауда Жалпақталдан елге сыйлы Дүйсенғалиевтер, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеп отырған қошанкөлдік Сұлташевтар, қараобалық еңбекші отбасы Айтқалиевтер, Бостандық ауылына үлгілі Бақтыгереевтер, Тереңкөл ауылына сыйлы Жүзбаевтар, білімді, жігерлі қайыңдылық Сатыбалдиевтер, қараөзендік танымал Нығметовтер отбасы белсенділік танытқаны үшін марапатталды.

322F3947-9EB9-4220-8D77-B567FF89129B

Ұлт болашағының ең басты тұғыры, ең басты іргетасы – отбасы. Өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға, отбасылық және рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау мақсатында аталмыш байқау 2013 жылдан бастап ұйымдастырылып келеді.

Гүлнұр Бөлешова

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале