Орал қаласында маусым, шілде және тамыз айларында 2012-2013 жылы туған жасөспірімдер арасында шағын футболдан (6х6) облыс чемпионаты өткен болатын. Чемпионатқа сегіз команда қатысты. Соның ішінде Жәнібек ауданының жас аяқдопшылары ойнап, керемет нәтиже көрсетті. Нақтырық айтсақ, сегіз команданың ішінен оза шауып, облыстың чемпионы атанды.
Суреттерді түсірген Айбатыр Нұраш
Таяуда қорытынды кеші өтіп, чемпиондарды салтанатты түрде марапаттап, жас спортшыларға кубокты табыстады.
Мадияр Есенов «Үздік шабуылшы», Алихан Тұяқ «Үздік ойыншы» аталымдарымен марапатталды.
Спортшыларды дайындап, керемет нәтижеге қол жеткізген жаттықтырушы Аманжол Есеновты атап өтпеуге болмас.
Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы