9.09.2024, 9:45
Оқылды: 212

«Алтыншы қабаттан секірмек болды»: Оралда полицейлер әйелді құтқарды

7 қыркүйекте полицияға Орал қаласындағы Самал көшесінде орналасқан тоғыз қабатты үйлердің біріндегі алтыншы қабаттың терезесінде әйел адамның отырғаны және секірмек ойы бар деген хабарлама түскен. Оқиға орнына патрульдік полицейлер Досым Бисембай, Батыр Альшинов, Дамир Казиханов бірден жетеді. Бұл туралы ІІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

D40F228C-51BC-4502-9DCB-3EDB022EFB72

Суреттер: ІІМ

«Әйелді әңгімеге тартуға тырысқанымен, одан еш нәтиже болмайтынын түсінген полиция қызметкерлері алтыншы қабатқа көтерілді. Пәтерді тапқан соң, қайғылы оқиғаның алдын алу мақсатында есікті бұзуға шешім қабылдайды. Осы кезде көмекке түнгі кезекшілікте қызмет атқарып жүрген «Үкі-8» жасағы келіп жетті. Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерімен есікті жартылай ашып, ішке қарай ең бірінші Казиханов Дамир кіріп, қалған әріптестеріне пәтерге кіруге мүмкіншілік жасайды.

C7A5A27A-0DEC-44F3-BFF4-5902DC9D2E03

Полиция қызметкерлері әйел адамның терезе жақтауында әлі отырғанын көріп, асықпай, байқатпай тез қимыл жасап, әйелді пәтер ішіне жарақатсыз түсіріп алады. Содан кейін жедел жәрдем қызметкерлерін шақырған», деп хабарлады ІІМ-нен.

Полиция қызметкерлерінің тез шешім қабылдауының арқасында адам құтқарылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале