9.09.2024, 9:15
Оқылды: 84

Уақыт белдеуі мәселесі Мәжілістің жалпы отырысында талқыланады

Мәжілістегі «Amanat» фракциясының бір топ мүшесі уақыт белдеуін қайтару мәселесін көтерді. Депутаттардың халықпен кездесулерінде осы мәселе жиі көтерілген. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.

сагат жп

Әсіресе шығыс пен солтүстік өңірлерде шағым көп. Тұрғындардың сөзінше түн ортасында таң атып, әдеттегіден әлдеқайда ерте қараңғы түседі. Бұл адамдардың күнделікті өміріне кері әсер етеді дейді олар. Бұған қоса, осы мәселе бойынша петиция жарияланып, қоғамда қызу талқыға түсті. Бұл тақырып жуырда өткен Мәжілістің пленарлық отырысында көтерілді.

Алайда, Сауда және интеграция министрі мәселе тек үш жылдан кейін қаралады деп жауап берген болатын. Дегенмен партия төрағасы халықтың өтінішін пленарлық отырыста қарауды ұсынды.   

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы, «Amanat»  партиясының төрағасы:

– Осы мәселеге қатысты халықтың талабын міндетті түрде қарастыруымыз қажет. Сондықтан бұл түйіткілді мәселені Мәжілістің алдағы пленарлық отырысының бірінде қараған дұрыс. Ол жиынға біз ғалымдар, Үкіметтің мүшелерін, жергілікті елдімекеннің тұрғындарын, сарапшыларды шақыруымыз керек. Солардың қатысуымен уақыт белдеуінің өзгеруін жан-жақты талқылауымыз керек. Үкіметке нақты ұсыныс бергеніміз дұрыс, - деді ол.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале