Оралда «Ақ Жайықтың Ақкербезі» атаумен қыркүйектің 24-і күні Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, әнші-термеші Қалампыр Рахимованың 75 жылдығына арналған республикалық әнші-термешілер байқауы өтеді.
Байқаудың мақсаты – Қалампыр Рахимованың үнтаспада жазылған ән-термелерін кейінгі ұрпаққа насихаттау, жыршылық-термешілік өнерді кеңінен дамыту. Сондай-ақ жаңа есімдерді жарыққа шығарып, жас дарындарға қолдау көрсету.
Байқау Орал қаласындағы Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның (Карев көшесі, 47-үй) ғимаратында сағат 09:30-да басталады.
Гүлсезім Бияшева
zhaikpress.kz