13.09.2024, 17:00
Оқылды: 57

«Қазіргі АЭС – қауіпсіздігінің жоғары деңгейімен ерекшеленеді» – пікір

Бүгін Казталов ауданындағы қоғамдық штаб мүшесі, «Атамекен» ҰКП Казталов аудандық филиалының директоры Аманжол Нығметов Казталов ауданындағы психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің ұжымымен кездесіп, 6 қазанда өтетін референдумдың маңыздылығы туралы маңызды ақпарат берді.

6624C87E-52A4-4D6C-AE45-FF69A406C8D2

Кездесу барысында Аманжол Ғалымжанұлы Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың биылғы Жолдауында айтылған міндеттерге кезек беріп, елімізде АЭС салуға қатысты өтетін референдумның маңыздылығына тоқталды.

– Қазақстанда АЭС салу – елдің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етудің маңызды қадамы болмақ. Ядролық энергия ондаған жылдар бойы сенімді энергия көзіне айнала алады. АЭС ауа райына тәуелсіз, тәулік бойы электр энергиясын өндіруге қабілетті. Бұл көмірсутектер мен электр энергиясын импорттауға тәуелділікті азайтады. Қазақстан уранның үлкен қоры бар ел ретінде ядролық энергетикада жетекші орынға ие бола алады. Экологиялық артықшылықтары да айтарлықтай – атом электр станциялары парниктік газдар шығармайды. Климаттың өзгеруі қаупін ескерсек, бұл – маңызды артықшылық. АЭС құрылысы жаңа жұмыс орындарын ашып, елдің ғылыми әлеуетін нығайтады. Қазіргі заманғы АЭС қауіпсіздіктің жоғары деңгейімен ерекшеленеді. Сондықтан еліміздің болашағы үшін дұрыс таңдау жасап, референдумге қатысуға шақырамын, - деді Аманжол Ғалымжанұлы.

Қайрат Жақып

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале