Батыс Қазақстан облыстық филиалы атқарушы хатшысының №96 бұйрығына сәйкес «AMANAT» партиясы Казталов аудандық филиалының атқарушы хатшысы лауазымына Нұржан Ғалымжанұлы Аткешов тағайындалды.
Жаңадан тағайындалған хатшыны Казталов ауданындағы партия активіне Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев таныстырып, Нұржан Ғалымжанұлының алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Нұржан Аткешов 1987 жылы Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында дүниеге келген.
2008 жылы Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжін «Өсімдік қорғау және агроэкология» мамандығы бойынша бітірген.
2016 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2009 жылы Жәнібек аудандық аумақтық инспекциясында «Жастар тәжірибесі» бағдарламасының қатысушысы болып бастады.
2010 жылы Жәнібек аудандық жер қатынастары бөлімінің іс жүргізушісі, 2010-2012 жылдары Жәнібек аудандық «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, 2012 жылы «Vitamin C» ЖШС жүргізушісі, 2013 жылы «Нафта» ЖШС сауда үйінің инспекторы, 2014-2017 жылдары Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» КММ-нің кеңесшісі, бөлім басшысы қызметтерін атқарған.
2017-2020 жылдары «Орал қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ сектор меңгерушісі, 2020-2022 жылдары «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің консультанты, ұйымдастыру және бақылау бөлімінің консультанты, 2022 жылдан бері «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы саяси жұмыс бөлімінің консультанты қызметін атқарды.
Үйленген, отбасында бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр.
Жиын соңында Азамат Сафималиұлы Сәкен Ищановқа атқарған қызметі үшін алғысхат табыстады.
Гүлнұр Бөлешова
Казталов ауданы