Бүгін Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ директоры Саян Баймұханов аудан орталығына келіп, Жәнібек аудандық мансап орталығының директорын тағайындады. Аталмыш лауазымға орталықтың маманы болып қызмет еткен Тимур Хамзин тағайындалды.
Тимур Қобыландыұлы 1988 жылдың 6 шілдесінде Жәнібек ауылында дүниеге келген. 2009 жылы Орал қаласындағы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Машина жсау» факультеті «Құрылыс» мамандығы, 2013 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2009 жылы Жәнібек аудандық құрылыс бөлімінде «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша жұмыс жасаған.
2010-2011 жылдары Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде, 2011-2017 жылдар аралығында Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Жұмыспен қамту орталығының» бас маманы, 2017-2019 жылдары Жәнібек ауданының жұмыспен қамту орталығының бас маманы, 2019-2023 жылдар аралығында Жәнібек ауданының жұмыспен қамту орталығының» сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2023 жылдың қыркүйек айынан күні бүгінге дейін БҚО әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің филиалы «Жәнібек ауданының мансап орталығының» бас маманы қызметін атқарып келді.
Отбасылы, екі қыз, екі ұл тәрбиелеп отыр.
Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы