«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп ата-бабамыз бекер айтпаса керек. Себебі дана халқымыз қиындықта қол ұшын созып, мұқтаж жандарға асарлатып көмек қолын созуды қайырымды іс санаған.
Ұмытылып бара жатқан дәстүріміз қазір қайта жаңғырып келеді. Бұның бір дәлелі Бостандық ауылына қарасты Қаракөл елді мекенінде салынып жатқан мәдениет ошағы мен кітапхана құрылыс жұмыстарына ауыл азаматтары білек сыбана кірісіп кетті.
Ал ақжаулықты Бақыт әже мен көпбалалы Ақжамал анамыз құрылыстың басында жүрген жігіттерге ыссылай тамағын апарып, аз болса да көмектерін көрсетіп жүр.
Міне қиын-қыстау кезеңде бір-біріне қолдау көрсетіп, тілеулес болған халқымыздың ұлылығы осында.
Гүлнұр Сәуірғалиқызы
Казталов ауданы