24.09.2024, 22:00
Оқылды: 164

АЭС салудың маңызы қандай?

АЭС салуды қолдау жөніндегі облыстық халықтық штаб мүшелері Бәйтерек ауданында болды.

IMG-20240924-WA0024 (1)

Бірінші «Белес-Агро» ЖШС ұжымымен жүздесті, содан соң аудан орталығында Переметный ауылының тұрғындарымен кездесті.

IMG-20240924-WA0026

- Мемлекет басшысы таяудағы Жолдауындағы тоғыз бағыт аясында көп салаға тоқталғаны белгілі. Олардың арасындағы басты бағыттардың бірі - экологиялық жағдайды жақсарту. Оның ішіндегі өзектісі – атом электр станциясын салу мәселесі. Соған орай 6 қазанға референдум белгіленді. Біздің мұнда келгендегі мақсатымыз - сол референдумға қолдау көрсету, сіздерді соған қатысуға шақыру. Жалпы АЭС туралы осында бір жыл бұрын айтылды. Көпшілікке ол туралы кеңірек біліп, мағлұмат жинау уақыт берілді. Соған орай БАҚ-та бұл бағытта көптеген материалдар жарияланып, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Өздеріңіз білесіздер, жыл өткен сайын ел экономикасы дамып, өндіріс өркендеуде. Халықтың тұрмысы жақсарып, үйде электр қуатын пайдаланатын құралдар көбеюде. Мұның бәрі болашақта электр қуанатының тапшылығына әкелері сөзсіз. Қазірдің өзінде еліміздің біразы өңірі қуат көзін шетелден сатып алып отыр. Сол себепті электр көздерін өндіретін өндірістерді, соның ішінде АЭС салудың маңызы зор,-деді облыстық халықтық штаб басшысының орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Ербол Салықов.

IMG-20240924-WA0030

Кездесу барысында сондай-ақ облыстық мәслихат депутаттары Оганес Манесян, Нұртай Жұмашев энергетикалық қауіпсіздік, еліміз үшін қуат көздерін әртараптандыру мен экологиялық таза технологияларға көшудің қажеттілігі жөнінде айтты.

IMG-20240924-WA0029

Жиналғандар тарапынан қойылған сұрақтарға облыстық халықтық штаб мүшелері тұщымды жауаптарын берді.

IMG-20240924-WA0028

Серік Маратұлы,

Бәйтерек ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале