25.09.2024, 0:00
Оқылды: 128

Бәйтерек ауданы: Мәжіліс депутаты Байқоныс ауылының тұрғындарымен кездесті

Бәйтерек ауданына қарасты Байқоныс ауылында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Снежана Имашева халықпен кездесті.

IMG-20240924-WA0044

- 2019 жылы Мемлекет басшысы "ең маңызды, ауқымды жоба-жоспарларымызды халықпен ақылдасып шешеміз" деген сөзін негізге ала отырып, биылғы Жолдауында референдум өткізілетінін жариялады. Осыған дейінгі үш референдумда Конституцияға өзгерістер еңгізілсе, мынаусында АЭС салу туралы бастама көтерілді. Референдум бойынша халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы халықтық штаб құрылды. Штабта «AMANAT» партиясы депутаттары мен мүшелері белсенділік танытып, халыққа түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Өйткені халық АЭС-тің не екенін білмейді және білмегесін қорқады. Бұл - техникалық білімдерді қажет ететінін сала. АЭС-тің тек қауіпті жағын көріп қалған халыққа оның пайдасын ұғындыру қиынға соғып жатыр. Әлемнің 31 елінде 400-ден астам реактор жұмыс істеп тұр, оның 94-і АҚШ-та, 56-сы Қытайда, 58-і Францияда, 36-сы Ресейде. Ал 30-ға жуық АЭС-тың құрылыстары жүруде. Бізден 350 шақырым қашықтықта орналасқан Волокомская АЭС-і 60 жылдай уақыт жұмыс жасап келеді. Ол –  Ресейдегі ірі станцияларының бірі. Елімізде қажеттілік туған жағдайда сол станциядан энергия аламыз. Қазақстан энергетикалық тәуелсіз болуы керек. Өйткені біз оны шетелден сатып аламыз. Осындай олқылықтарды жою үшін АЭС салу мәселесі көтерілді. 6 қазан күні референдумға еркін түрде қатысып, дауыс бересіздер деген сенімдемін, - деді Снежана Имашева.

IMG-20240924-WA0049

Кездесуде тұрғындар мазалап жүрген сауалдарын қойып, жауаптарын алды.

Салтанат Зұлқарнаева,

Бәйтерек ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале