25.09.2024, 12:45
Оқылды: 39

Қазақстандық бессайысшылар U19 әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Қазіргі бессайыстан Қазақстан командасының өкілдері Лев Чувашов пен Данил Богданов Литвада өтіп жатқан U19 әлем чемпионатында қола медаль иеленді, деп хабарлайды Olympic.kz.

EFE03D21-1F02-49D1-A6FE-DE4F6391865E

Сурет: Olympic.kz

Спортшылар ерлер арасындағы эстафетада көзге түсті. Богданов пен Чувашов 1410 ұпай иеленген.

Бұл бәсекеде 1430 жинаған Египет құрамасы топ жарса, 1430 ұпай алған Чехия командасы күміс медаль жеңіп алды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале