Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісін жүргізген прокурор Айжан Аймағанова жұмысы туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Сурет: Бас Прокуратура
«Бір көп қойылатын сұрақ оқырмандардан: әйел адамдардың осы салада істей алуы қиынға соқпай ма? Иә, әрине, қиын, бірақ шешілетін жағдай. Прокурор болу – ол жәй ғана қызмет ету емес – ол тәулік бойы байланыста болу, өміріңнің бөлшегін осы қызметке арнау, мінез (сабырлық, тыңдай білу, сезіну қабілеті), қандай да бір шешімге дайын болу.
Әйел адам өмірінде көп нәрсені істей алады, егер де оған ынтасы болса, өзін-өзі қайраса. Мен өз өміріме қарасам – жүгіру екен, жақсы көретін жұмысымнан жақсы көретін менің отбасыма. Әр түрлі жағдай болды: бірде жолың болады, бірде келеңсіз жағдайлар туып, сүрінесің де, ең бастысы осының бәрін жеңіп шығу. Бәрі де орнына түседі, бәрі де ойдағыдай болады. Ең бастысы – шыдамдылық керек, әйелдің қолынан бәрі келеді деп ойлаймын», – деп жазды прокурор желідегі парақшасында.