1.10.2024, 11:15
Оқылды: 43

Референдумға қатысып, iPhone 16 смартфонына ие бол!

Алдағы жексебі, яғни, 6 қазанда өтетін жалпыұлттық референдум бойынша Орал қаласының тұрғындарына шақыру қағаздарын тарату толықтай аяқтала келді. Бұл туралы Орал қалаласының аумақтық референдум комиссиясынан хабарлады.

5DB24E18-6F4B-444C-8208-FD3633203CFC

Сурет fmobile.kz сайтынан алынды

Сонымен қатар саяси науқан туралы тұрғындарды құлақтандыру шаралары да қарқынды жүргізіліп жатыр. Учаскелік референдум комиссиялары орналасқан мекенжайлар керек-жарақпен толықтай қамтылып, дауыс берушілерді қабылдауға толықтай дайындалып жатыр.

Айта кетейік, референдум өтетін күні сайлау учаскесіне бірінші болып келген, отбасы мүшелерімен бірге келген, егде жастағы, кәмелет жасқа толып, алғаш рет өз таңдауын жасаған сайлаушыға, 100, 500, 700, 1000-шы дауыс берушілерге де арнайы сыйлықтар табысталады.

Сондай-ақ қала тұрғындарының референдумда өз таңдауларын жасап, iPhone 16 смартфонын ұтып алуға тамаша мүмкіндігі бар. Ол үшін дауыс беруге қатысып, референдум жәшігінің қасында суретке түсіп, инстаграм желісіндe #ORALTANDAU2024 хэштегімен хабарлама қалдырып, оның астына бес досыңызды белгілеу қажет.

Аккаунт ашық және IMARKET_URALSK.KZ парақшасына тіркелген болуы шарт. Жеңімпаз хэштек арқылы таңдалады.

Аталған бағалы сыйлықтар БҚО жастар қоғамдық бірлестіктерінің бастамасымен және қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале