2.10.2024, 12:45
Оқылды: 137

БҚАТУ командасы Jaiq Hackathon байқауында І орын иеленді

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ Бизнес-инкубаторының бизнес-инкубациялық бағдарламасын өтіп жатқан «Zerek» командасының қатысушылары мұнай-газ саласындағы цифрландыру және HSE бағыты бойынша Jaiq Hackathon байқауында бірінші орын иеленді. Бұл туралы БҚАТУ медиа орталығы хабарлады.

6065FA6F-8F12-4E84-96C4-13CDFE8B0901

Үздік командалар финалға қатысып, олардың арасында Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың магистранттары мен студенттерінің «Zerek» командасы болды. Аталған команда құрамында Айхан Оразалин, Асылжан Зәкәрия және Ерасыл Байзақов бар.

Команда мүшелерінің пікірінше, бұл іс-шараға қатысу өте қызықты және пайдалы болды. Олар үшін бұл өз әлеуетін көрсетуге, командада жұмыс істеуді үйренуге, шығармашылық ойлауды дамытуға тамаша мүмкіндік болды. Команда өздері үшін жаңа міндеттерді зерттеу, тәжірибе жасау және тиімді шешімдер табу қабілетінің арқасында жеңіске жетті.

Олардың жобасының мәні – жасанды интеллект көмегімен өндірістегі қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды арттыру. Жеңімпаздар жобаларын индустриялық әріптестердің қолдауымен одан әрі іске асыру және дамыту үшін бас жүлдеге 4 миллион теңге алды.

Университеттің Коммерцияландыру және бизнес-инкубациялау кеңсесінің жетешісі Г.А.Айешеваның айтуынша, хакатондарға қатысу қатысушыларға қарқынды даму ортасында өз күштерін сынауға, желіге қосылуға және кәсіби өсуге бірегей мүмкіндік береді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале