2.10.2024, 17:00
Оқылды: 45

Нұрай Қазнабек таеквондодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды

Таеквондодан Қазақстанның жасөспірімдер командасының өкілі Нұрай Қазнабек Чунчхонда (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Olympic.kz. 

27620AD7-9853-4179-99EF-0158C8D9D12C

Фото: World Taekwondo / Olympic.kz

Спортшы 59 келіге дейінгі салмақта екінші орыннан көрінді. 

Финалда ол Ираннан келген Айназ Насириге есе жіберді. Ал үшінші орынды канадалық Элла Брюстер мен хорватиялық Мария Углегич өзара бөлісті. 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале