Қазақстан драма театрларының XXX республикалық фестивалi балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналды. Бұл мәдени іс-шара жыл сайын өткізіліп келеді.
Сурет: ОКҚ
«Фестивалде іріктеуге алынған спектакльдермен алдын ала сараптамалық кеңес жұмыс істеді. Олардың қатарында еліміздің белгілі театр сыншылары мен театр мамандары бар. Сараптамалық кеңес жұмыс барысында республиканың драма, музыкалы-драма, музыкалы комедия, жастар және балалар театрлары секілді 12 шығармашылық ұжымның қойылымдары сараптан өтті», - деді ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Азамат Белқайыров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Республикалық фестивальдің талаптарына сай деп танылған 9 театрдың қойылымдары көрермен назарына ұсынылады. Ал Астана қаласы әкімдігінің «Жастар» театры фестивальдің қонағы ретінде қатысады.