6.10.2024, 8:40
Оқылды: 56

Казталовтық Ақерке Бақытова алғаш рет дауыс берді

Казталов ауданының Жаңажол ауылында орналасқан №245 референдум учаскесі бойынша 577 сайлаушы болса, оның 5-і алғаш дауыс берушілер. 

IMG-20241006-WA0055

Жас сайлаушы ретінде Ақерке Бақытова ертемен әкесімен бірге сайлау учаскесіне келіп, таңдау жасады.

«Мен бүгін алғаш рет сайлаушы ретінде өз таңдауымды жасадым, өйткені бүгінгі шарада еліміздің болашағы үшін әр сайлаушының дауысы маңызды. Сондықтан ауылдастарымды референдумға толықтай қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырамын» - дейді ол өз сөзінде.

Елімізде өтіп жатқан маңызды референдумға қатысып, алғаш таңдау жасаған Ақерке Сұңғатқызына жас сайлаушы ретінде №226 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Нұржан Сансызбайұлы естелік сыйлық табыстады.

Нұр Рахман

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале