Жәнібек ауданының тұрғындары, егіздер Айдана мен Гүлдана мекенжай бойынша тіркелген №139 референдум учаскесінде болып, өз таңдауларын жасады.
«Бұл референдум – еліміздің ертеңіне қадам бастайтын, болашағымызды айшықтайтын ұлы қадам. Біз үшін туған еліміз бен жеріміз, туған жердің тағдыры маңызды. Сондықтан да осынау айтулы науқаннан қалыс қалмай, өз таңдауымызды жасадық, - дейді егіздер.
Бану Самат
Жәнібек ауданы