Тәжікстан астанасы Душанбеде дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Сурет: Olympic.kz
Қазақстан командасы турнирде екі жүлдемен ерекшеленді. Қазақстандық спортшылар Талғат Орынбасар (60 келіге дейінгі салмақта) және Азат Күмісбай (81 келіге дейінгі салмақта) қола жүлдегер атанды.
Жалпы есепте отандық құрама 15-ші орынға табан тіреді. Бірінші орынды алты «алтын», бес «күміс» және бір «қола» алған Жапония құрамасы иеленді.