Бүгін Казталов аудандық пошта байланыс торабының қызметкерлері кезекті баспасөзге жазылу науқанының басталуына орай «ашық есік» күні акциясын өткізді.
Шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айша Әбішева, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Мұқанғали Бектілеуов, пошта саласының ардагері Талшын Қуанова және аудандық пошта байланыс торабының басшысы Айжан Айткалиева бастаған ұжым қызметкерлері қатысты.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айша Әбішева аудандық пошта байланыс торабының ұжымын атаулы мерекемен құттықтап, ерен еңбектері үшін алғысын білдірді.
– Пошта саласында көптеген жылдар қызмет атқардым. Пошта саласында қиындығы мен қызығы қатар жүреді. Мен қызмет жасаған жылдары жауын-шашынға да, қыс мезгілінің түтеген боранына да қарамай аудан, ауыл тұрғындарына газеттерді уақытылы жеткізіп, алғысын арқаладық. Озық ойлы оқырмандарымыз көп болды және хаттар да көп келетін. Оқырмандарымыз бізді газет әкеледі деп күтіп отырып, қыста жауған қарды ашып, жол салып қоятын. Қазір пошта заманауи құралдармен жабдықталып, халыққа қолжетімді екен. Барлық әріптестерімді мерекемен құттықтаймын!Отбасыларыңызға амандық, бақыт тілеймін, - дейді Талшын Хафезқызы.
Гүлнұр Бөлешова
Казталов ауданы