9.10.2024, 16:00
Оқылды: 13

Қазақстандық гимнастар Венгриядағы шақыру Кубогында екі алтын жүлде алды

Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасы Венгрияның Сомбатхей қаласында өткен Шақыру кубогі кезеңінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Olympic.kz.

IMG_8124

Сурет: Olympic.kz

Біздің спортшылар турнирде екі «алтын» алып, көзге түсті. Спортшылар қол тіреп секіруден жүлделі орындарға ие болған.

Шақыру кубогінде бірінші орынды Дарья Ясинская (13.166 ұпай) және Асан Салимов (14.300 ұпай) алды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале