11.10.2024, 10:30
Оқылды: 50

Доллардың бүгінгі бағамы қандай?

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 491-496 теңге аралығында саудаланып жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

IMG_8343

Сурет: freepik.com

Ұлттық банктің 11 қазанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 490,84 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,04 теңге.

Еуро — 536,88.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 492,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 494,4 теңге. Еуро 537,3 — 541 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 491 теңге, сатып алу құны — 496 теңге. Еуро 535 теңгеден сатылып, 542 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,00 — 5,14 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 10 қазан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,25 теңгеге қымбаттап, 491,74 теңге болған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале