17.10.2024, 17:45
Оқылды: 10

Орал қаласынан Египетке рейстер саны артады

25 қазаннан бастап Орал қаласының халықаралық әуежайынан Мысырға ұшатын рейстер саны артады. Рейстер қысқы навигацияның барлық кезеңінде орындалады. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады.

IMG_8913

Сурет сайт архивінен / zhaikpress.kz

Шарм-эль-Шейхке ұшуды FlyArystan әуекомпаниясы жүзеге асырады. Орал қаласынан танымал курортқа сенбі күндері Airbus A320 әуе кемелерінде ұшуға болады.

Чартерлік рейс 160 орындық әуе кемесімен орындалады. Рейстер 2025 жылдың наурызына дейін жоспарланған.

– Өздеріңіз білетіндей, маршруттық желіні дамыту біздің әуежай жұмысының басым бағыттарының бірі, - деп атап өтті әуежайдың бас директоры Рустам Биктимиров. – Біз өңір тұрғындарына ел ішінде де, шет елдерге де сұранысқа ие бағыттар бойынша тікелей рейстердің қолжетімді болуын қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатырмыз.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта Орал қаласынан танымал мысырлық курортқа Scat Airlines әуекомпаниясының рейстерімен ұшуға болады.

Сондай-ақ, әуекомпания тайландтық Пхукетке чартерлік рейстерін қайта ашып жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале