17.10.2024, 17:00
Оқылды: 48

БҚО-да кедейлік шегі – 35 690 теңге

Батыс Қазақстан облысы бойынша биылғы 4-тоқсанға кедейлік шегі бекітілді.

Ақша JP

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, төртінші тоқсандағы кедейлік шегі 35 690 теңге болып белгіленді.

Кедейлік шегі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін жүгінген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептелген ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-ы мөлшерінде айқындалады.

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 19 мамырдағы «Кедейлік шегінің мөлшерін айқындау туралы» №160 бұйрығында жазылған. Былтырғы 3-тоқсанда облыстағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы орташа есеппен жан басына шаққанда 50 986 теңгені құраған. Ал кедейлік шегі дегеніміз – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін айқындау үшін өлшемшарт ретінде белгіленетін, бір адамға шаққандағы ақшалай кірістің шекті ең төмен шамасы.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале