Бүгін Жаңақала аудандық ауруханасының директоры Дәурен Кукеновтің ұйымдастыруымен, хирург дәрігерлер Өркен Мыңжасұлы, Азамат Дияровтың жетекшілік етуімен жаңақалалық тұрғынға шұғыл ота жасалды.
Науқасқа қысылған оң шап жарығының пластикасы диагнозы қойылып, шұғыл операциялық емдеуге жатқызылды. Сәтті жасалынған ота нәтижесінде науқас палатаға ауыстырылып, тұрақты емін қабылдап жатыр.
Айзада Ақбасова,
Жаңақала ауданы