18.11.2024, 12:30
Оқылды: 83

БҚО-да адам өліміне қатысты күдікпен бұрынғы полиция қызметкері ұсталды

Тасқала ауданы Тасқала ауылында ер адамға ауыр дене жарақатын келтірген күдікті қолға түсті.

Полиция ЖП (жаңа фото)

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, ер адам алған жарақаттары салдарынан ауруханада көз жұмды.

«Анықталғандай, екі ер адам сөзге келіп, содан жанжал туындаған. Күдікті ішкі істер органдарынан жағымсыз себептерге байланысты қуылған бұрынғы полиция қызметкері болып шықты. Күдікті уақытқа ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі кезде аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомстводан.

Ғайсағали Сейтақ

kaz.inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале