25.11.2024, 17:45
Оқылды: 32

Ақсайдағы өрт: зардап шеккен екі бала санавиациямен Оралға жеткізілді

Өрт кезінде жоғары қабаттан секірген 4 және 8 жасар екі бала дене жарақатын алған. Бірі бас жарақатын алса, екіншісінің кеуде тұсы зақымданған. Балаларды 22 қараша күні кешкісін санавиациямен Орал қаласындағы балалар ауруханасына жеткізген. Қазір екі баланың да жағдайы орташа ауыр.

IMG_2981

Сурет: pixabay.com

Бұл туралы БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

– Ал өрттен зардап шеккен балалардың анасының денесін 45-50 пайызын күйік шалған. Ол қазір Бөрлі аудандық ауруханасында ем алып жатыр, дәрігерлер қажетті емнің бәрін жасап жатыр. Әйелдің жағдайы орташа ауыр, - деп атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 20 қараша күні күндіз Ақсай қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінен өрт шыққаны туралы жазған болатынбыз.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін екі баланың өрттен қашып жоғары қабаттан секіргені туралы да айтқанбыз.

Қазір екі бала облыстық балалар ауруханасының жарақат бөлімінде ем алып жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале