27.11.2024, 10:01
Оқылды: 15

Қазақстанда әйелдерге арналған өзін-өзі қорғау тренингтері басталды

«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы аясында Қазақстанда әйелдерге арналған өзін-өзі қорғау тренингтері басталды. Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымының қолдауымен ұйымдастырды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

IMG_3179

Сурет: министрлік

Алғашқы тренинг Қызылорда қаласында өтті. Оған 50 әйел қатысты. Сарапшылар «Empowerment through Self-Defense» халықаралық әдістемесі бойынша жұмыс істейді. Оқыту интерактивті форматта өтеді.

Тренинг барысында қатысушылар өзін-өзі қорғау тактикасын меңгеріп, зорлық-зомбылық психологиясын түсінуді, қауіпті белгілерді анықтауды үйренеді.

Дәл осындай өзін-өзі қорғау тренингтерін Астана, Шымкент, Түркістан және Қосшы қалаларында да өткізу жоспарланған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале