Елдегі ең үлкен кенттердің бірі – Орал қаласы, Зачаган кенті әкімін сайлауы өтіп жатыр. Кент бойынша 23 сайлау учаскелері ашылып, тұрғындардың конституциялық құқығын орындауға барлық жағдай жасалып, дауыс қабылдауда. Бүгінде Зачаган кентінде 70 мыңның үстінде халық тұратын болса, соның 44 289-ы сайлаушылар тізіміне енген.
Айта кетейік, кент әкіміне үміткер ретінде үш кандидат тіркелген. Үшеуінде өзін-өзі ұсыну тәртібімен сайлауға түскен. Бүгін таңғы сағат жетіде барлық учаскелер ашылып, дауыс беруге келген сайлаушыларды қабылдауда.
Бірқатар учаскелерде аккредиттелген қоғамдық бірлестіктердің байқаушылары, кандидаттардың сенім білдірген адамдары мен БАҚ өкілдері сайлау процесін қадағалауда.
Сайлау учаскесіне алғашқы болып келіп, өз таңдауын жасаған тұрғындарға естелік сыйлықтар табысталды.
Орал қалалық аумақтық комиссиясы