4.12.2024, 9:30
Оқылды: 29

«Қазақконцерт» солисті Италияда өткен халықаралық байқауда бірінші орын иеленді

«Қазақконцерт» солисті Айгерім Алтынбек Италияда өткен опера әншілері арасындағы халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

IMG_4047

Сурет: министрліктен

Композитор Джакомо Пуччинидің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған байқауға әлемнің әр түкпірінен, соның ішінде Қазақстан, Жапония, Қытай, Корея, Ресей және Ираннан 70 өнерпаз қатысты.

Марапаттау рәсімі Аркоредегі беделді Борромео вилласында өтті.

Айгерім финалистер арасында үздік деп танылып, Аркоре муниципалитетінің стипендиясын, сондай-ақ 2025 жылы Италияда өтетін ауқымды концертке қатысу құқығын жеңіп алды.

Айта кету керек, Айгерім Алтынбек Модена қаласында өткен Николай Гяуров атындағы опера әншілерінің халықаралық байқауында да үшінші орынды иеленді. Отандасымыз әйгілі итальян опера әншісі Мирелла Френидің арнайы сыйлығына ие болып, Болгарияның Варна қаласындағы театрда «Сестра Анджелика» операсындағы рөлді орындау құқығына ие болды.

Осылайша, өнер иесі әлемдік сахналардағы жетістіктерімен тыңдарманын қуантып жүр.

Айгерім Алтынбек Қазақ ұлттық өнер университетін «Вокалдық өнер» мамандығы бойынша, доцент Татьяна Николаевна Руднева сыныбында тәмамдаған. Опера әншісі бірнеше рет халықаралық (Италия, Финляндия, Литва, Ресей, Германия және т.б.) және республикалық байқаулардың лауреаты атанған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале