5.12.2024, 14:45
Оқылды: 88

«Негізсіз бас тартуды азайту – басты міндет» – Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Қазіргі қоғамда мемлекеттік қызмет азаматтар үшін маңызды рөл атқарады. Олар адамдарға қажетті құжаттарды алуға, құқықтарын қорғауға, әлеуметтік қолдауға қол жеткізуге көмектеседі. Алайда кейбір жағдайларда азаматтар мемлекеттік қызметтерге жүгіну кезінде негізсіз бас тартуларға тап болады. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жазды.

4e2cc0f5-3d97-4fb9-ab66-7d1f16e6b0c8

Бақылау іс-шаралары барысында мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартудың 23 фактісі анықталды. Бұзушылықтардың ең көп болуы жер қатынастары саласында байқалды.

Болған бұзушылықтар заңнамадағы кемшіліктер, қызметкерлердің кәсіби деңгейінің жеткіліксіздігі, қызмет көрсету процестерінің ашық болмауы себебінен болған.

«Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне облыстың жергілікті атқарушы органдарынан жер теліміне құқық беруден бірнеше рет бас тартқан азамат жүгінді. Бұл жер телімі балық шаруашылығындағы кәсібін кеңейту үшін қажет болды. Алайда жергілікті билік ескірген нормативтік құқықтық актіні алға тартып, жер телімін беруді кейінге қалдырды.

Департамент тарапынан жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша арызданушының уәждері расталды. Азаматқа жер телімінен негізсіз бас тартылғаны анықталды.

Бұзушылық үшін кінәлі тұлға ӘҚБтК-нің 465-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында бұрын шығарылған қаулының күшін жою және өтінішті қайта қарау туралы ұсыныстар жіберілді.

Енгізілген тәртіптің арқасында өтінішті қарағаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға балық өсіру объектілерін орналастыру және күтіп-ұстау үшін жер учаскесі берілді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетуден негізсіз бас тартуларды болдырмау үшін мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру маңызды. Азаматтардың ресми құрылымдардың шешімдеріне шағымдану және бас тарту туралы нақты түсініктеме алу мүмкіндігі болуы керек. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлердің азаматтарға дұрыс және сапалы қызмет көрсетуі үшін оларды кәсіби оқыту маңызды.

Осы қадамдар бұзушылықтар санын азайтып қана қоймай, мемлекеттік органдардың қызметіне бақылауды күшейтіп, азаматтардың барлық қажетті қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге көмектеседі», - делінен хабарламада.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале