Саралжын ауылының байырғы тұрғындары Болат Лұқпанов пен жолдасы Дариға Бахитова және Қабдолла Ғайноллин мен зайыбы Сара Кәрімовалар да дауыс беруге келді.

- Осындай маңызды күнде сайлаудан тыс қалмай, өз үнімізді қосайық деп келдік. Ауылдастарының мұң-мұқтажы мен талап-тілегіне немқұрайлы қарамайтын депутаттарды қолдауға әзірміз. Халықтың сенімінен шығады деп сенеміз, - деп өз пікірлерін білдірді қариялар.

«Түріміз басқа болғанымен, тілегіміз бір»: Канделиди де сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді
Аудандық «Луч добра» бірлестігінің мүшесі, еңбек ардагері Валентина Канделиди де дауыс беруге ұмытпады.

- Саяси науқандарға қатысу әр азаматтың міндеті. Бұл да елдің игілігі үшін ғой, - деді өз сөзінде.
Аталмыш бірлестіктің мүшелері, ерлі-зайыпты Андрей мен Татьяна Березиндер №76 учаскелік сайлау комиссиясына келіп, өз таңдауларын жасады.
- Түріміз басқа болғанымен тілегіміз бір ғой. Елдегі саяси науқандарға үн қосып, заңды таңдауымызды жасау – айнымайтын міндетіміз. Теміржолдың арғы бетінен келіп, дауыс бердік. Арғы беттіі мәселесі бір басқа жетерлік. Көпшілік дауысымен мәслихатқа депутат болған жан көптің алдындағы міндетін ұмытпаса екен, - дейді отағасы Андрей Березин.
Арайлым Есмағұлова
Бөкей ордасы ауданы