26.12.2024, 14:46
Оқылды: 62

Казталовта «Жомарт жүрек» сыйлығы табысталды

Жарық дүниені жалпағынан басып жүрген жүрегі мен жүзі жарқырап тұратын қымбат адамдардың қадірі қашанда дараланып тұрады. Жомарт жүректі, ізгілікті, игі істі ойлайтын көңілі таза адамдардың жөні мен үшін әманда бөлек. Сондай адамдық болмысымен туған елге игілікті іс жасап, айналасына «жомарт жүректі» жан атанған тұлғалардың есімі бүгінгі буынның, ертеңгі жастың жүрегінде өшпейтіндей сақталуы тиіс.

FB_IMG_1735198613600

Ай бітіп, күндер өтіп, өткен жылдар өз ағысымен өз арнасына ағып жатыр. Сол жылжыған жылдардың естелігін тізбектесек, әр түлектің қолтаңбасы тарих беттерінде сақталып бара жатыр. Осыдан 5 жыл бұрын басталған бұл ауқымды жоба талай жанды жігерлендіріп, сан түлекке ыстық сезім сыйлады.

Мамыражай мамыр туған елінен түлеп ұшқан сан түлектің бір жерге тоғысатын сәті. Сағыныш та, қауышу да, қоштасу да, қимастық та бәрі-бәрі туған жердің топырағында... Есті естеліктер еске түсіп, кемел келешек үшін жаңа жоспар құратын сәт. Балалық балдәурен шағы өткен кішкентай ауылға деген сағыныш әркез перзент көңіліңде көкжиегінде сайрайды.

Туған елге игі істі сыйға тарту үшін де үлкен жүрек пен сөзсіз махаббат керек. Қосөзендік әр перзент облысқа, қала берсе республикаға  соны дәлелдесе керек-ті. Осы ретте таңдай қағып, таңғалатындай игі істердің қатары жыл сайын көбейіп келеді.

Бүгін Казталов аудандық мәдениет үйінде төртінші жыл қатарынан түлектер тоғысып, жомарт жүректі жандар жүздесті. Оларға алғыс білдіріп, марапаттады, мерейін көтерді, жігерлендірді.

«Рухани жаңғыру» бағдарлама аясында жыл басынан атқарылған жұмыстар, жүзеге асқан жобалар жөнінде бейнефильм көрсетілді.

Марапаттау кешінде аудан әкімінің орынбасары Серік Ерболатұлы:

– Қайырлы күн жерлестер! Бүгінгі шараның басты кейіпкерлері, жүрегі жомарт азаматтар мен азаматшалар! Бүгін біз ерекше жиынды бас қосып отырмыз. Бұл туған жерін құрметтеп, оның гүлденуіне үлес қосқан түлектердің қайырымдылық пен мейірімділік жолындағы игі істерін атап өтетін ерекше күн. «Жомарт жүрек» сыйлығы жүрегі кең, жаны жомарт тұлғалардың қоғамға көрсеткен еңбегінің шынайы бағасы. Туған жер әр адамның жүрегінде қасиетті ұғым. Осы қасиетті ұғымға адалдық танытып, туған жеріне шын жүректен көмектескен түлектеріміздің еңбектері ерекше атап өтуге лайық. Ауданымыздың өсіп-өркендеуіне үлкен үлес қосып, мектептеріне демеушілік жасап, жаңа мүмкіндіктер сыйлаған түлектеріміз нағыз үлгі боларлық тұлғалар. Сіздердің еңбектеріңіз өскелең ұрпақ үшін жанашырлықтың жарқын үлгісі. Ізгілікті істеріңіз жалғасын таба берсін! -деп, туған жерге қалтқысыз қызмет еткен түлектерді «Жомарт жүрек» сыйлығымен марапаттап, алғысхат табыстады.

Туған жерге деген патриотизм мен сүйіспеншілікті нық қалыптастырып, жетістіктерге жеткен жерлестеріміздің құрметіне ән шырқалды.

Жұлдыз Асқар

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале