Сырым аудандық «Жас туристер станциясы» мекемесінің жуырда ұйымдастырған ерекше қайырымдылық акциясы жүректі жылытты.
Станциядағы қосымша білім беру педагогтары оқушылардың қысқы каникул кезіндегі уақытын тиімді өткізу, ең бастысы жас ұрпақтың табиғатпен байланысын нығайту мақсатында жарты күнді қиып, құстар үшін ұялар орнатып, ағаштарға жемшашарлар тағыпты.
Бұл туған жерін қимай, қыстап қалған құстарға керемет қамқорлық екен. Әрі смартфонға байланған балалықты бір кезек тірі табиғатпен сырластырған тамаша шара болыпты.
Б. Шерім,
Сырым ауданы