Жүк көлігінде тетрагидрофуран болған. Бұл туралы БҚО ТЖД-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Бәйтерек ауданында Беларусиядан 21 тонна химиялық зат тасымалдайтын жүк көлігі жолдан шығып бір жағына қисайып құлап қалған.
Көліктегі сұйықтығы бар ыдыстар аударылып, бірақ төгілмеген.
БҚО ТЖД қызметкерлері ағып кету қаупі, халық пен қоршаған ортаға төнетін қауіпті тексерді.
Радиациялық-химиялық қызмет оның ауадағы шоғырлануын өлшеді. Қатер табылмады.
Сондай-ақ жүк көлігінің жүргізушісіне затты айналаға зиян келтірмей тиеуге және одан әрі тасымалдауға көмектескен.
Фото: БҚО ТЖД-дан