Мектептегі үздік бағалар үшін ай сайын үздік оқушыларға 100 000 бонус беріледі. Қатысушы оқушы «10» балл үшін 100 бонус алады. Ол үшін Halyk-тан бонустарды ата-ана Halyk Easy картасын тегін ашып, бағаларды Kundelik сайты арқылы беруге келісім береді. Республика бойынша әр айда 100 мың бонус 10 қатысушыға беріледі. Бүгін С. Жақсығұлов атындағы орта мектептің акт залында мектеп оқушыларының қатысуымен жиын өтті. Мұнда аталмыш метептің 7 «а» сынып оқушысы Амина Алиеваға жүз мың көлемінде Halyk bank-тің бонустық сертификаты табыс етілді.
Алдымен сөз алған ЦПС бастығы Әлия Туманчина жиынға қатысушыларды аталмыш 100 000 бонустық ойынына қалай қатысуға болатынын айтып, мектеп оқушыларын белсенді түрде қатысуға шақырды.
«Мен өте қуаныштымын. Осы айда Батыс Қазақстан облысы бойынша екі оқушы жеңіп алды. Оның бірі өзіміздің ауданнан. 1 қыркүйектен бастап Халық банкінің жаңа оқу жылы басталғаннан бері 100 мың бонус әр ай сайын белсенділік танытқан оқушыларға беріледі. Әр қатысушы оқушылар 10 балл жинаған кезде 100 бонус алады. Олар әр айда 100 мың бонус ұтып алу мүмкіндігіне ие. Республика бойынша әр айда 100 мың бонус 10 қатысушыға беріледі. Бұл оқушылар үшін жақсы мотивация»,-деген Әлия Садықбайқызы Халық банк басшылығынан 100 мың бонус сертификатын Амина Алиевеге табыстады.
«Мен өте қуаныштымын. Ұстаздарыма білім бергендері үшін алғысымды айтамын. Сонымен қатар Халық банкіне осындай жүлде ұйымдастырғаны үшін рақмет», - дейді Амина Алиева.
Болатбек Сапарғалиев,
Тасқала ауданы