4.02.2025, 16:30
Оқылды: 253

Ақжайықтық ардагер-ұстазды аудан әкім қабылдап, мерейлі жасымен құттықтады

Чапаевтық ардагер-педагог Шамшия Жиенбаеваны 70 жасқа толуына орай аудан әкімі Мұрат Сердалин қабылдап, қошеметтеді.

e9ea9b5f-dbd2-4aed-a9bb-294aa71a0360

Шамшия Имахқызы еңбек жолын Атырау облысы, Доссор селосындағы Белинский орта мектебінде бастаған. 1979-1984 жылдары Чапаев ауданы Киров орта мектебінде мұғалім, Чапаев ауылы №2 қазақ орта мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Абай атындағы мектеп-гимназиясының директоры, аудандық білім бөлімінің әдіскері  болды. Жылдар жүзінде ҚР Білім және Ғылым министрлігінің, облыстық білім басқармасының Құрмет грамоталарымен, «Еңбек ардагері», «Білім және Ғылым қызметкерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Ардагер-ұстаз әлі де қоғамдық жұмысқа араласып келеді. Аудандық білім қызметкерлерінің ардагерлер кеңесінің төрайымы. Ол отбасында ұл-қыз өсіріп, бүгінде немере, жиендерінің бағына бөленген әже болып табылады.

2209ba99-07d9-4444-8ecb-29cfbf39695c

Жас ұрпақ тәрбиесіне қатысты ортақ істердің басынан ұдайы табылатын ардагермен емен-жарқын әңгімелескен аудан басшысы оның иығына камзол жауып, өзінің және облыстық білім басқармасының құттықтау хатын тапсырды. Ш.Имаққызы өзіне қошемет үшін М.А.Сердалинге шексіз алғысын арнады.

d7626d15-8912-4bbc-b238-a04f11ed4bb7

Ұстаз-анаға аудандық білім бөлімінің,  ардагерлер кеңесінің өкілдері де игі лебіздерін арнады.

Азамат Қанапия,

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале