7.02.2025, 17:58
Оқылды: 211

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы жүзеге асты деп ойлаймын – Архат Исламғали

«Халық қаласа, Хан түйесін сояды» деген әдемі мәтел есіме түсіп отыр. НДС - 20% деп барша кәсіпкерлер мен бизнес, экономика саласы мамандары шулаған болатын. Бүгін Мемлекет басшысы осы сұрақ бойынша сөз қозғады.
IMG_4771

Иа, ешкім НДС - 20% болады деп айтпады, жәй осы шекке көтеру қажет деп ұсынған болатын. Сол ұсыныс бойынша ойға ой қосылып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы тағы да бір жүзеге асты деп ойлаймын.
Менің ойымша, НДС-ті көтерген дұрыс, бірақ 20%-ға емес. Бір жағынан экономикамыздың алдыға ілгерілеуі үшін НДС-та басқа заттар сияқты қымбаттауы (көтерілуі) заңдылық деп білемін.
Достар, бірақ ескеру қажет бір дүние бар, шет елден немесе алыстан келетін тауарлар жол шығынына, салығына т.б әр түрлі себеп-салдарға байланысты бағасы айқындалады. Сол секілді, бизнес түрлерін бірнеше топқа біріктіріп, бағыты мен қамту саласына қарай НДС пайызы да айқындалуы қажет деп білемін. Яғни, тұрмыстық заттар мен тамаққа 12% болса, түрлі зияны бар үлкен кәсіпорындарға жоғары пайыз қойса болады деп білемін.

Мемлекет басшысының тағы да бір ұсынысына тоқталсам болады. Бұл НДС мәселесін жоғарыда айтқанымыздай экономика және бизнес өкілдерінің қатысуымен талқылаған болмайды, халықтың қамы деп жүрген бір қатар азаматтар, соның ішінде депутаттар болуы міндетті. Себебі, бизнес өкілдері өз жағына тартса, экономика саласы өкілдері өз пайдасы үшін тартады. Арада қарапайым халық зардап шекпеуі қажет деген ойға келдім. НДС пайызын айқындар сәтте тағыда бір ескеретін дүние ойыма келіп тұр.
Сауда-саттық саласында бір жазылмаған заң бар. Жалақы осыншамаға өседі немесе АҚШ доллары осыншамаға қымбаттады десе келесі күні дүкен сөрелеріндегі нанның бағасы 10-15 тг қымбаттап жатады. Сол секілді НДС-тің пайыздық мөлшерлемесі қымбаттады деп халық тұтынатын күнделікті қажетті тұрмыстық заттар қымбаттап кетпесе болғаны.

Бұны ескерусіз қалдырмау қажет!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале