Жақында Орал қаласындағы мектептен тыс жұмыс орталығында жас мамандарға арналған «Жас ұстаздардың педагогикалық дағдыларын дамыту: шығармашылық және кәсіби өсу» тақырыбында семинар-практикум өтті.

Іс-шараға орталықтың және филиалдардың қосымша білім беру педагогтері қатысты. Семинар барысында үшбу орталықтың психологі Бибінұр Маратова танысу тренингін өткізіп, әдістемелік бөлім меңгерушісі Орынгүл Сабыр педагог мәртебесі туралы әңгімеледі. Сонымен қатар тәжірибелі ұстаздар шеберлік сынып сабақтарын ұсынды. Мысалы, педагогзерттеушілер Нұргүл Мұратованың «Менің педагогикалық ұстанымым», «Ойын арқылы баланың тілін дамыту», Светлана Гончарованың «Вокалды басқару – әдемі дауыстың кепілі» және Айнұр Құсайынованың «Би қимылының орындау шеберлігіндегі нақтылық пен эмоцияны арттыру», педагог-сарапшы Светлана Рыбаланың «Шығармашалық ойлауды ойын технологиялары арқылы оқыту» сабақтары танымдық әрі қызықты сипатта өтті.
Семинардың екінші бөлімінде әдіскер Арайлым Елемесова жас мамандармен практикалық жұмыстар өткізді. Олар берілген тақырыптарда жоба жасақтап, оны қорғап шықты. Жас мамандарға кәсіби өсуге ықпалы бар мұндай іс-шара әр тоқсан сайын жалғасын табады.
Арайлым Елемесова,
мектептен тыс жұмыс орталығының әдіскері,
Орал қаласы