19.02.2025, 15:15
Оқылды: 177

800 мектеп кітапханасы модернизациядан өтіп, кітап қоры жаңартылды

Қазақстанда 800 мектеп кітапханасының модернизациясы аяқталып, 280 мыңнан астам бала жаңартылған ресурстарға қол жеткізді. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
cecd46dea5a2f8ca62ea025ffa4235be_1280x720
Мектеп кітапханаларының материалдық-техникалық базасын нығайту 1000 ауыл мектебін модернизациялау бағдарламасының бір бөлігі болып табылады.
«Мемлекет жыл сайын мектеп инфрақұрылымын жақсартуға қаражат бөледі. Биыл модернизация аясында 800 мектеп кітапханасы жаңартылып, олардың қоры жаңа көркем әдебиетпен толықтырылды. Сонымен қатар, кітапханалардағы жиһаздар жаңартылды», — деп атап өтті Инфрақұрылымды дамыту департаменті директорының орынбасары Роза Сембаева.
 Бұдан бөлек, «Балалар кітапханасы» жобасы аясында мектеп кітапханаларын дамыту және оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда мектеп кітапханаларының қорына 1,6 миллион дана көркем әдебиет қосылып, жалпы кітап қоры 141 миллионнан асты.
6fd97c305f00d6afd162755052683e2d_1280x720
 Сурет: gov.kz
Сондай-ақ, мектеп кітапханашыларының біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. 2024 жылы 1 775 маман арнайы курстан өтті, оның ішінде 1 239-ы мектеп кітапханашысы, 536-сы колледж кітапханашысы. Бұл шара кітапхана қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеріп, олардың жұмыс сапасын жақсартуға ықпал етеді.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале