10.11.2016, 17:16
Оқылды: 23

Торқалы тойға тарту

%d1%82%d3%99%d1%83%d0%b5%d0%bb%d1%81%d1%96%d0%b7%d0%b4%d1%96%d0%ba%d0%ba%d0%b5-%d1%82%d0%b0%d1%80%d1%82%d1%83-%d0%b7%d0%b5%d0%bb%d0%b5%d0%bd%d0%be%d0%b2Тәуелсіз елдің тілегі – бейбітшілік пен тыныштық. Ия, «Тәуелсіздік» кешегі қанға бөккен боздақтардың рухы, бабаларымыздың сан жылдар аңсаған арманы, мақсат мұраты еді...


Ақтаңның атқанына да биыл жиырма бес жыл толмақшы. Сәні мен салтанаты, татулығы мен бірлігі жарасқан Отанымызда биыл ұлан ғасыр той. Торқал той, ел егемендігінің 25 жылдығына тарту етілген мерекелік шаралар ауданымызда жалғасын табуда.

«Тәуелсіздік – қасиеттім, қастерлім» дәл осындай атаумен концерттік бағдарлама дайындаған аудан өнерпаздары ауданымыздың округтерін аралауды бастады. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына тарту етілетін шараға ауданымыздың мәдениет саласының танымал тұлғалары мен жас өнерпаздары өнер көрсетті. Тағылымы мол шара Достық, Асан, Махамбет ауылдарынан басталған болатын.

А.Жекековтың орындауындағы «Қазағым жаса!» әнімен түрілген сахна шымылдығы С.Саяпиннің «Родина моя», «Көзімнің қарасы», Г.Қасиетованың «Сағыныш», «Майра», Ғ.Мұхамбетовтың «Бақыт құшағында» музыкалық композияциясын, М.Мұсақұловтың «Мой район», «Мой Казахстан», Н.Сажинаның «Вместе со своей страной» әндерін орындауымен көмкеріле түсті. Құлақ құрышын қандыра домбыра шерткен «Шежіре» халықтық ансамбілінің жетекшісі А.Ғиззатов Жантөренің күйі «Шалқыманы», Н.Новеньковпен бірге баян және домбыра аспаптарында попури орындап көрерменнің ерекше ықыласына бөленді.

Кеш соңы жерлестеріміз Н.Дүзбатыров пен Г.Қасиетованың «Тәуелсіздік жасасын» әнімен аяқталды.

Ел еркелеріне деген Достық, Асан, Махамбет ауылдары халқының ыстық ілтипаты ерек болды. Жиылған ел шексіз алғысы мен ризашылығын білдіріп, өнерпаздарға ақжарма тілектерін арнады.

Аудан өнерпаздарының мерекеге орай тартуы одан әрі жалғасын тауып, сіздің де ауылыңызда қонақта болмақшы, қапы қалмаңыз!

Динара Насыр

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале