3.03.2025, 11:15
Оқылды: 263

Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы заңға қол қойылды

Мемлекет басшысы «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

2023_05_11_skrinshot-11-05-2023-223942

Фотоға түсірген Ерлан Омар

Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген.✔️ Бұл туралы t.me/aqorda_resmi жазды. 

Құжатта:

тарихи-мәдени мұраны сақтау – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да ескерткіштерді қорғау;

археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды реттеу;🔵

тарихи-мәдени мұраны қайта жаңғырту және ұлттық қолөнерді дәріптеу;
қорғау аймағында биіктігі мен сәулеті үйлеспейтін ғимараттарды салмау;
археологиялық ескерткіштердің резерватын құру;
мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді инфрақұрылым және инклюзивті туризм құру арқылы қалада жайлы орта қалыптастыру;
қаланың бірыңғай келбетін – сәулет ерекшелігін сақтау үшін дизайн код енгізу;
тиімді басқару мен бақылау үшін әкімдік пен мәслихат өкілеттігін кеңейту;
мемлекет тарапынан қолөнер шеберлерін қолдау мен көлік транзитін реттеу;
туризмді дамыту және тұрмыс сапасын арттырумен қатар қаланың тарихи ерекшелігін сақтау қарастырылған.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале