5.03.2025, 14:30
Оқылды: 888

«Жайық жастары» тұрғын-үй бағдарламасына кімдер қатыса алады, шарттары қандай?

Бұл туралы бүгін БҚО өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында айтылды. Облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Дархан Қадралиев бағдарламаның шарттары, жастарға қойылатын талаптар туралы айтып берді.

жп дом 2024 (3)

Көрнекі фото сайт архивінен

2024 жылдың соңында жергілікті мәслихат шешімімен «Жайық жастары» тұрғын үй бағдарламасына 1 260 000 000 теңге қаражат бөлінген. Бағдарлама аясында 70 жасты тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

- Тұрғын үй сатып алудың шекті бағысы – 18 000 000 теңге. Несие беру уақыты – 19 жылға дейін болса, пайыздық мөлшерлеме – 5%. Ал бастапқы жарна - 10%, яғни 1 800 000 теңге болса тұрғын үй бағдарламасына қатыса аласыз.

  1. ҚР азаматтығы;
  2. Қатысушының жасы 21 жастан 35 жасқа дейін, өтініш беру кезінде, жұбайының (зайыбының) жасына қарамастан (бар болса). Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде тек ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады;
  3. Қатысушының және оның жұбайының БҚО-да соңғы 1 жыл ішінде тұрақты тіркеуінің болуы;
  4. Бағдарламаға қатысушылар соңғы 12 ай тұрақты тіркелген аумақ бойынша тұрғын үйді несиеге ала алады;
  1. Қатысушының ресми жұмыс өтілі келесі санаттар бойынша БҚО-да кем дегенде соңғы 12 ай міндетті зейнетақы жарналары болуы қажет;
  1. Үміткерде және оның отбасы мүшелерінде ҚР аумағында соңғы 5 жыл ішінде меншік құқығындағы тұрғын үйдің болмауы тиіс. Үміткер және оның отбасы мүшелерінде ортақ бірлескен меншік болған жағдайда 25% көп болмауы тиіс. Үміткердің және оның отбасы мүшелері меншігінде жер телімі, жатақхана немесе саяжай болуы бағдарламаға қатысуға мүмкіндік береді, - деді Дархан Қаныбекұлы.

Қай салада жұмыс істейтін жастар қатыса алады?

  • Денсаулық сақтау;
  • Білім;
  • Мәдениет;
  • Спорт;
  • БҚО коммуналдық кәсіпорындарының /мекемелерінің қызметкерлері;
  • Мемлекеттік қызметкерлер;
  • Құқық қорғау органдарының қызметкерлері;
  • Жастар қоғамдық бірлестігінде 1 жылдан кем емес уақыт жұмыс атқарған азаматтар (зейнеткерлік аударымдар мен еңбек кітапшасы арқылы растау қажет).

Кандидаттың ұпайы келесі тәртіппен есептеледі:

  • Бірінші бала үшін – 1,5 ұпай;
  • Әр келесі бала үшін – 1 ұпай;
  • Тіркелген некедегі әр жыл үшін – 1 ұпай;
  • Әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға – 1 ұпай;
  • «Отбасы банк» АҚ есепшотында әрбір 10% жинақ үшін – 1 ұпай беріледі (20% болса – 2 ұпай, 30% болса – 3 ұпай тиісінше).

Өтінім арнайы сайт арқылы қабылданады

Qr.gov.kz сайты — облыс аумағындағы қызметтерді интеграциялаған бірегей платформа. Бұл сайт бағдарламаның ашықтығын мейлінше қамтамасыз ету бағытында жасақталып отыр. Өтінім тапсыру үшін электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) керек.

Өтінім беру qr.gov.kz сайтына тіркелу арқылы жүзеге асырылады. Тіркелгеннен кейін басты мәзірде «Жайық жастары» тұрғын үй бағдарламасы атауы жазылған айдарды таңдайсыз. Сіздің аты-жөніңіз бен жеке деректеріңіз сақталған жеке кабинет ашылады. Жеке кабинеттен келесі сатыға өтсеңіз өтінім беру парағы ашылады. Бұл парақта қызмет саласы, отбасылық жағдайы, бала саны, жұмыс орнынан анықтама, «Отбасы банк» есепшотындағы жинақ туралы анықтама деректерді толықтыру қажет. Бұдан кейін жеке деректер сақталады, - деді басқарма басшысы.

Қосымша сұрақ болса кімге хабарласамыз?

Деректерді толықтырғаннан кейін, өтінім қабылданғаны туралы хабарлама беріледі.

Жеке кабинетте кандидаттың қанша ұпай жинағаны туралы ақпарат қамтылады.

Келесі кезекте кандидаттар арасында 8 санат бойынша тізім қалыптастырылады.

Тізімге сәйкес, жоғары ұпай жинаған кандидаттардың құжаттарының дұрыстығын облыс әкімінің өкімі арқылы бекітілген комиссия төрағасы және мүшелері қарастырады.

Комиссия оң шешімін алған кандидат 5 жұмыс күні ішінде «Отбасы банк» АҚ БҚОФ-ға барып төлем қабілеттілігін анықтау туралы келісім алуы керек.

Бағдарлама туралы қосымша сұрақтар туындаған жағдайда БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталыққа, 8705 143 06 06 (Нұрсұлтан Сарсенбаев) нөміріне хабарласа аласыз.

Өтінім қабылдау ертең басталады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале