18.03.2025, 12:45
Оқылды: 44

БҚО: Ана мен бала өліміне қатысты іс әлі тергеліп жатыр

Егер дәрігерлердің кінәсі дәлелденсе күдікті дәрігер төрт жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

2024 жылдың 15 мамыры күні Жаңақала аудандық ауруханасында бала босану кезінде 36 жасар әйел адам қайтыс болып кеткен еді.

Осы оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Бұл туралы БҚО Полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев айтты.

Арман ДВД

  • Біз бірнеше экспертиза тағайындадық. Қылмыстық іс тоқтап тұрған жоқ, тергеу жүріп жатыр. Күдікті кім екенін қазір нақты айта алмаймыз. Себебі экспертиза қорытындысы шықпай нақты кімнің кінәсінен ана мен бала өлгенін анықтау қиын. Экспертизалар толық аяқталғасын ғана бірдене айтуға болады, - деді БҚО ПД бастығы Арман Оразалиев.

ҚР Қылмыстық кодексінің 317 бабы 3-бөлігіне сәйкес егер күдіктінің қылмысы толық дәлелденсе ол төрт жылға бас бостандығынан айырылады және үш жылға дейін сол қызметті көрсетуге тиым салынады деп көрсетілген.

Естеріңізге сала кетейік, Жаңақала аудандық ауруханасында бала босану кезінде ана мен баланың өліп кетуі бұл алғашқы жағдай емес. Бұған дейін 2019 жылы босану кезінде 1975 жылғы келіншек те баласымен бірге қайтыс болған еді. Алайда ол оқиғаға қатысты ешкімді жауапкершілікке тартпады. Себебі тергеудің ұзақ жүруіне байланысты оқиғаның уақыты асып кетті деген еді.  Қазір дәл сол ауруханадан екінші әйел мен баланың өліміне қатысты істі полиция тергеп жатыр. Тергеудің қашан аяқталатыны әзірге белгісіз.

Жанат Көшкінбай,

           zhaikpress.kz    

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале