«Нұр Отан» партиясы Тасқала аудандық филиалының кезекті ХХІ есеп беру-сайлау конференциясы өтті.
Филиал төрағасының бірінші орынбасары Думан Ғазез ашып, жүргізіп отырды. Орталық аппарат ұйымдастыру-бақылау жұмыстары департаментінің инспекторы Жанар Мәшенова қатысты.
18 қарашада Нұр Отан партиясының облыстық конференциясына қатысатын делегаттары анықталып, саяси кеңестің жаңа құрамы ұсынылып, бір ауыздан мақұлданды. Сондай-ақ Серік Кенжебекұлы филиал жұмысына оң бағасын берсе, Санжар Жұматайұлы бір топ партия белсенділеріне алғыс хаттар табыс етті.