31.05.2025, 12:00
Оқылды: 262

Жәнібектіктер саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

31 мамыр – ресми түрде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Нәубетті жылдары елімізде 103 мыңнан астам адам солақай саясаттың құрбанына айналды. Алашорда көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулат, Сәкен Сейфуллин, Мағжан Жұмабаев бастаған қазақтың марқасқа азаматтарынан 25 мыңдай адам ату жазасына кесіліп, жазықсыз атылған еді. Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай ауданда жаппай қуғын-сүргін және аштық құрбандарына арналған еске алу шарасы өтті.

image-31-05-25-11-25
Оған бөлімдер мен мекемелердің басшылары мен қызметкерлері, ардагерлер қатысты.

image-31-05-25-11-25-2

Шара саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен еске алудан басталды. Шара барысында сол бір қанқұйлы жылдардың жазықсыз құрбаны болған азаматтарға, атап айтсақ қазақтың революционер қызы Алма Оразбаева ескерткішіне аудандық маслихат төрағасы Тахир Қадимов пен ардагер Амангелді Уәлиев, жаппай қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш белгіге «AMANAT » партиясы аудандық филиалының төрағасы Біржан Қуанәлиев пен аудандық полиция бөлімінің басшысы Мейрамхан Бапахов, революция құрбандарына арналған ескерткіш белгіге саяси қуғын-сүргінге ұшыраған алаш азаматының ұрпағы Мертен Кенжеғалиев пен аналар кеңесінің мүшесі, қоғам белсендісі Гүлнәр Хайырлиева тағзым ретінде гүл себетін қойды.

image-31-05-25-11-25-3
Нәубет жылдары туралы деректі көркем фильмдер түсіріліп, кітаптар да жазылып баспасөз беттерінде айтылуда. Алайда әлі күнге толыққанды тарих беттерінде зерттелмеген. Осы орайда Т.Жароков атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Жасқайрат Каргин деректерді назарға ұсынды.

image-31-05-25-11-25-6
Сондай-ақ аудандық орталықтандырылған кітапхананың ұйымдастыруымен жиналған қауымға «Зұлмат жылдар жаңғырығы мәңгі өшпиді» тақырыбында кітап көрмесі таныстырылды.

Бану Берікқали
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале